- Таным
- 05 Қараша, 2024
Қандай бала жануарға қиянат жасайды?
Викаға анасы туған күнінде Пегасты сыйға тартқан. Ол кезде кіп-кішкентай күшік болатын. Екеуі бірге сті. Мектепке баратын кезде ізінен еріп шығатын. Бұл жолы Вика итін ерткісі келмеді. Еркелеп, аяғына оратылған соң к ңілін қимады... Әдеттегідей иесі сабаққа, күшік үйіне кеткен еді... Бірақ бір топ бұзық бала Пегастың жолына тұрды. «Викадай мейірімді» деп еркелей беріп еді, бәтеңкесімен тұмсығынан бір тепті. Енді бірі құйрығынан тартып, әбден ызасына тиді. Кенет құлағына жылт етіп жылу барғандай еді. Тарс еткен дыбыс шыққанда (петарда) к зі қарауытып, аяғын баса алмай қалды... «Бұл балаларға не істедім? Виканы сабаққа кім шығарып салады? Неге басымды к тере алмаймын?» деп күшік дәрменсіз жата берді... Пегас қайтып тұрмады... Балалар, жазықсыз күшікке қиянат жасауға бола ма? Вика күшігін іздеп, жыласа, қалай жұбатасың? Сендерге не жетпейді? Айтыңдаршы?! Бұл оқиға жақында Петропавлда болды. Бейнежазбадан к ргеніміздей, бұзықтық жасаған 4-сыныптың оқушысы екен. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау ж ніндегі отырыста әлгі баланың мінез-құлқы туралы мәселе қаралған. Ата-анасы баласының бұзықтығы үшін 36 920 теңге к лемінде айыппұл т леді. Жазадан оңай құтылғандай ма? Бұл бала қандай жазаға лайық? Егер «қиын баланың» тізіміне кірсе, психолог маманмен жұмыс істесе, жаман әдетін қояр, бәлкім?! Қалай ойлайсыңдар?!
Өздерін күшті сезінеді
Бала жануарға неге қастық ойлайды? Сұраққа Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогпсихологы Жадыра Қонысбаева жауап берген еді.
– Жануарларға қиянат жасайтын бала санының артуы бірнеше факторға байланысты. Мұндай балалардың көбіне эмоциялық, әлеуметтік проблемалары бар болады. Отбасында зорлық-зомбылық көрген немесе агрессивті мінезқұлықты үлгі ретінде қабылдаған болуы мүмкін. Олар өздерінің ішкі күйзелісін, ашу-ызасын немесе көңіл-күйін жануарларға бағыттап, оларға зиян келтіру арқылы өзін күшті сезінуге тырысады.
Жануарларға қиянат көрсету балалар үшін кейде көңіл көтеру немесе назар аударту тәсілі ретінде көрінеді. Олар жануарлардың сезімін түсінбеуі немесе оларға жауапкершілікпен қарамауы мүмкін. Бұл әрекеттердің артында психологиялық мәселелер, агрессия немесе эмоциялық тұрақсыздық болуы ықтимал. Балалар мұндай әрекеттер арқылы өзін күшті, үстем сезінуге тырысады. Бірақ бұл көп жағдайда болашағына теріс әсер етеді. Мұндай мінезқұлықтың бірнеше теріс салдары болады.
Эмпатияның төмендеуі: Жануарларға қиянат көрсету – тіршілік иелерінің сезімдерін түсіну және оларға мейірімділік таныту қабілетін төмендетеді. Бұл олардың адамдармен қарымқатынасында да қиындықтар туғызады.
Әлеуметтік проблемалар: Жануарларға қатыгездік көрсететін балалардың әлеуметтік дағдылары нашарлайды. Олар достарымен, отбасы мүшелерімен және қоғаммен қарым-қатынаста қиындықтарға тап болуы мүмкін...
Психологиялық мәселелер: агрессия, депрессия немесе әлеуметке қарсы жеке мінез-құлықтың белгісі. Мұндай күй балалардың болашақта психологиялық қиындықтарға тап болуына әкеледі.
Құқықтық мәселелер: Жануарларға қатыгездік көрсету заңмен жазаланатын әрекет. Мұндай балалар болашақта құқық бұзушылыққа жол беріп, заң алдында проблемаға тап болуы ықтимал.
Отбасылық қатынастар: Мұндай мінез-құлық отбасылық қатынастарға да теріс әсер етеді. Отбасында мейірімділік пен жауапкершілік сезімінің болмауы – балалар мен ата-аналар арасындағы сенімсіздікке әкеледі.
Жалпы, жануарларға қиянат көрсету балалардың психологиялық, әлеуметтік және эмоциялық дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан, мұндай мінез-құлықты ерте кезеңде анықтап, түзету шараларын қабылдау өте маңызды.
Жануарларға қиянат көрсететін балалардың болашағы да алаңдатады. Себебі, мұндай жағдайлар қазір қоғамда көп кездеседі. Олар ересек өмірде де агрессивті мінез-құлық көрсетуі, әлеуметтік қарымқатынастарда қиындықтарға тап болуы мүмкін... Себебі мұндай балалардың психологиялық мәселелері шешілмесе, олар қоғамға зиян келтіруі жиілейді. Алдын алу шаралары ретінде балаларға жануарларға деген мейірімділік, жауапкершілік және эмпатияны дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жеке сөйлесу жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Жануарларға қатыгездік жасамауда ата-ананың рөлі өте маңызды. Ата-аналар балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда, олардың моральдық және этикалық құндылықтарын дамытуда, сондай-ақ жануарларға деген мейірімділік пен жауапкершілікті оятуда негізгі рөл атқарады.
Ата-аналар балаларымен ашық сөйлесіп, олардың эмоциясын тыңдап, проблемасын шешуге көмектесуі керек. Жануарларға деген мейірімділікті дамыту үшін балаларға ата-ананың өзі де үлгі болуы маңызды. Жасөсіпірімдер арасында үй жануарына деген мейірімділікті ояту үшін бірнеше тәсіл мен әдісті қолдануға болады. Психологиялық сипаты да маңызды. Осы тұста төмендегідей ұсыныстар бере аламыз:
– Жасөспірімдерге үй жануарларының тұрмыстық өмірде қаншалықты қажет екенін, олардың сезімдері мен эмоциялары да бар екені туралы ақпарат беру;
– Оларды жануарлардың тілін түсінуге, мінез-құлқын бақылауға үйрету;
– Жасөспірімдерге үй жануарларымен тікелей қарымқатынас жасау мүмкіндігін беру. Мысалы, жануарларды күту, тамақтандыру, олармен серуендеу;
– Баланың эмпатиясын дамыту, яғни жасөспірімдерге жануарлардың сезімін түсіну үшін бейнероликтер, деректі фильмдер көрсету;
– Отбасылық немесе қоғамдық іс-шараларда жануарларға қамқорлық жасау, волонтерлік жұмыстарға қатыстыру;
– Жасөспірімдермен бірге үй жануарларына қатысты мәселелерді талқылау. Мысалы, жануарларға қатыгездік, оларды тастап кеткендегі салдары қандай болатыны сияқты тақырыптарды қозғау;
– Тағы бір ұсыныс, бұл жануарларға арналған шығармашылық жобаларды жасөспірімдердің өздері жасауына мүмкіндік беру. Мысалы, жануарларға арналған сурет салу, әңгіме жазу, акция ұйымдастыру.
Ата-ананың рөлі балалардың жануарларға деген қатынасын қалыптастыруда шешуші фактор. Мейірімділік, жауапкершілік және эмпатия сияқты құндылықтарға тәрбиелеу арқылы атааналар балаларын жануарларға қатыгездік жасамауға үйретеді. Психологиялық тұрғыдан мейірімділік сезімін дамыту жасөспірімдердің әлеуметтік дағдыларын, жауапкершілігін және жануарларға деген қамқорлығын арттырады. Бұл үрдіс балалардың эмоциялық интеллектісін, өзін-өзі бағалауын және басқа адамдармен, соның ішінде жануарлармен қарымқатынасын жақсартады. Елімізде жануарды қорғайтын заңға өзгеріс керек. Заң алдында бала да, ата-анасы да жауап бергені дұрыс. Айыппұлдан бөлек, қоғамдық жұмыс істеп, жауапкершілікті сезіндірсе...
Гүлфарида ЗЕЙНУЛЛИНА
«Ұлан» газеті, №45
05 қараша 2024 жыл
947 рет
көрсетілді0
пікір