Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 06 Қараша, 2024

Қазақстанда әйелдер үшін жұмыс күні қысқара ма?

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында  елімізде әйелдерге қысқартылған жұмыс күнін енгізу туралы ұсынысын айтты, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Қарақат Әбден елімізде кейінгі жылдары әйелдердің қоғамдағы рөліне тоқталып, көшбасшылық саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған бірқатар реформалар жүргізілгенін, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппараттағы әйелдер арасындағы теңгерімсіздікке назар аударғанын атап өтті. Депутат кейінгі жарты жылда аудан әкімдері арасында әйелдер саны 8 пайызға өскеніне тоқталды. 

"Алайда қабылданып жатқан қадамдарға қарамастан, бұл шаралардың нәтижелері тек сандық көрсеткіштер деңгейінде қалып отыр, ал бізге жүйелі өзгерістер қажет», – деді Қарақат Әбден.

Депутат тәуелсіздік алғаннан бері саяси лауазымдардағы әйелдер үлесі 15 пайыздан ешқашан аспағанын атап өтіп, әйелдер көшбасшылығын дамытуға қатысты өз ұсыныстарын алға тартты.

Қарақат Әбден ақылы декреттік демалысты екі жылға дейін ұзарту  қажетігін айтты.

«Бұл отбасы институтын нығайтуға ықпал етеді, жұмыс істейтін әйелдер балалардың тәрбиесіне көбірек көңіл бөле алады», – деп түсіндірді ол.

471 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз