Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 06 Қараша, 2024

Шығыс Қазақстан облысында дропперлерден қаражат өндіріліп алынды

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы алаяқтарға қылмыстық қаржылық операцияларды жүзеге асыруға көмектесетін жеке тұлғалардың қатысуымен алаяқтық фактілерінің көбеюіне назар аударады.

Бас прокуратура мен Жоғарғы Соттың бірлескен жұмысы аясында Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің негізсіз баю туралы 953-бабы негізінде дропперлерден қаражат жинау тетігі әзірленді.

Бүгінгі таңда сотқа 83 жәбірленушіден 160 млн теңгеден астам сомаға талап-арыздар түсіп, оның 52-сі қанағаттандырылып, дропперлерден 62 млн теңгеден астам ақша өндірілді. Қалған істер қаралуда.

Алайда, егер дропперлердің алаяқтыққа қатысы бар деп танылса, олар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Прокуратура азаматтарға оңай табыс табу туралы ұсыныстардан сақ болуды, жеке деректерді бермеуді және мұндай схемаларға қатысудан бас тартуды ұсынады.

977 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз