- Безбен
- 06 Қараша, 2024
Түркістан облысында полиция бір тәулікте 30 құқық бұзушылықты анықтады
Сарыағашта полиция бір тәулікте 30 құқық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Сарыағаш ауданының аумағында полицейлер рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізіп жатыр.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 10 құқық бұзушыны жауапқа тартты. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың 12 фактісін, белгіленбеген жерлерде сауда жасаудың 3 фактісін, қоғамдық орындарда тиісудің 3 фактісін анықтады.
Бұдан бөлек, полицейлер қоғамдық орында мас күйде жүру мен қару сақтау ережелерін бұзудың бір дерегіне қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Полиция қызметкерлері атап өткендей, қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Фото: Polisia.kz
253 рет
көрсетілді0
пікір