- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 07 Қараша, 2024
Синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана жойылды
Осы жылдың қазанында ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Есірткі затын дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
5 кг жуық дайын және 350 литр «а-PVP» сұйық психотроптық заты, сондай-ақ 800 литр прекурсорлар мен есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
555 рет
көрсетілді0
пікір