- Безбен
- 08 Қараша, 2024
Еуропадан келген алма шекарада заңсыз ұсталды
Еуропадан келген алма шекарада заңсыз ұсталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасы.
Бас көлік прокуратурасы Еуропадан әкелінген балғын алмаларды бірнеше күн бойы кедендік рәсімдей алмаған қазақстандық кәсіпкерлердің құқығын қалпына келтірді.
"Кәсіпкерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі енгізген шектеулерге байланысты уақытша сақтау қоймаларында жемістердің тонналап бос жатқанына шағымданды.
Прокуратураның талдауымен Министрліктің 31 желтоқсанға дейін алма әкелуге тыйым салатын 2024 жылғы 5 қазандағы бұйрығы тек 8 қазанда күшіне енгені анықталды. Ал, алма тиелген 8 жүк көлігі аталған күнге дейін ЕАЭО аумағына келген. Яғни, кәсіпкерлердің бұл тауарларына шектеу шаралары қолданылмайды.
Көлік прокуратурасы Мемлекеттік кірістер комитетіне қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде, кәсіпкерлер уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін өз өнімдерін декларациялап, шығынның алдын алды", деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Альмира Бекжан.
Бас көлік прокуратурасы
493 рет
көрсетілді0
пікір