Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 09 Қараша, 2024

Тікұшақ апаты: Ақтөбеде арнайы комиссия тергеу жүргізеді

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов басқаратын арнайы комиссия келді.

Авиациялық апаттың алдын ала себебі техникалық ақаулық деп қарастырылуда. Алайда түпкілікті қорытынды тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен кейін жасалатын болады.

Зардап шеккен экипаж мүшелері қажетті медициналық көмекпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген және мамандардың бақылауында.

Қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына материалдық төлемдер және барлық қажетті қолдау көрсетіледі.

Ми-8 тікұшақтары еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Әуе қорғанысы күштерінің қолданысында. Техниканың бұл түрі 50-ден астам елде қолданылады және өзінің көп функционалдығы мен сенімділігінің арқасында әлемдегі ең көп сұранысқа ие тікұшақтардың бірі. 

Бұл тікұшаққа соңғы күрделі жөндеу 2023 жылы Алматы қаласының "405 авиациялық-жөндеу зауыты" базасында жасалды. Барлық регламенттік жұмыстар, оның ішінде ұшу алдындағы дайындық нормативтерге сәйкес орындалды.

Тікұшақ экипажының да айтарлықтай тәжірибесі бар және күндіз де, түнде де қиын метеорологиялық жағдайларда, оның ішінде төтенше жағдайларға тап болған кезде де тапсырмаларды орындау үшін кәсіби түрде дайындалған.

409 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз