Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 11 Қараша, 2024

Бишімбаев түрмеден қашып кетті - Фейк

Әлеуметтік желілерде азаматтық некедегі әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың жазасын белгіленген орында өтемей, қашып кетті деген ақпарат тарала бастады.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сотталушының қашып кеткені туралы ақпаратты бірден жоққа шығарды.

«Бұл сотталушы ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеп жатыр. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды, кінәлілер жауапкершілікке тартылады», – деп мәлімдеді.

Айта кетейік, тура бір жыл бұрын 9 қарашада Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенова қайтыс болған еді. Сол күні экс-министр күдікті ретінде қамауға алынғаны белгілі болды.

13 мамырда Астана соты Бишімбаевты кінәлі деп тауып, 24 жылға бас бостандығынан айырған. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеуге міндеттелді.

 

169 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз