- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 11 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Польша президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды.
Президент жеделхатында Қазақстан мен Польша арасындағы байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, өзара ықпалдастық екі елдің игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуда мен Польша халқына құт-береке тіледі.
Фото: Ақорда
2632 рет
көрсетілді0
пікір