Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қараша, 2024

Алматы облысында 99 га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды

ҚР АШМ ЖРБК Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті ауданы 99 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Аталған шешім осы учаскенің мақсатты пайдаланылмауына байланысты болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Тексеру барысында Іле ауданының аумағында жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін оның мақсатына сәйкес пайдаланбайтыны және оның орнына пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатыны анықталды.

Кәсіпорынға әкімшілік айыппұл салынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Сотқа дейінгі реттеу процесінде ЖШС пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік жер қорына өз еркімен қайтару туралы шешім қабылдады.

Фото: gov.kz

198 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз