- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 12 Қараша, 2024
БҚО-да жыл басынан бері 400-ден астам адам қаладан ауылға көшті
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев атап өткендей, биыл өңірде мемлекеттік бағдарламалармен қатар «Қаладан ауылға» өңірлік бастамасы қолға алынды.
«Бұл жоба тұрғындардың ауылдан кетуін азайтып, келуін ынталандыруға, еңбек ресурстарының тапшылығын жоюға, ауыл аумақтар мен агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, ШОБ субъектілері санының өсуін арттыруға бағытталған. Ағымдағы жылы жоба бойынша қоныс аударуға болатын 57 ауыл анықталды. Жыл басынан бері ауылға 78 отбасы қоныс аударды – бұл 402 адам», – деді өңір басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Фото: ortcom_kz
121 рет
көрсетілді0
пікір