Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 12 Қараша, 2024

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында 185 жоба «Ауыл аманаты» бойынша қаржыландырылды

Ақтөбе облысының Байғанин ауданы – ауыл шаруашылығы дамыған аймақ. Бүгінде ауданда 414 шаруа қожалығы, 19 өндірістік кооператив және 5 ЖШС кәсібін жүргізіп отыр. Ауданда 50 мың бастан астам мүйізді ірі қара, 132 мың бас ұсақ мүйізді мал, 33 мың жылқы және 4100 бас түйе бар, деп хабарлайды Ақтөбе олысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

«Жыл басынан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 185 өтінім мақұлданып, 1 млрд 190 млн теңгеге қаржыландырылды. Аталған жобалардың ішінде 15-і – жылыжай, 15-і – құс шаруашылығы, 69 – шағын бизнес ашуға және 90 мал шаруашылығына бағытталған» 
- деп мәлімдеді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Бүгінде аудан шаруалары мал азығымен толықтай қамтамасыз етілген. Қажетті мал азығымен қамту мақсатында ауылдық округтерде қосалқы жер қорынан жер беру жұмыстары атқарылды. 8 ауылда мал азығы жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 69 үйге арзандатылған бағада 146,2 тонна мал азығы түсірілді.

686 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз