Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Қараша, 2024

Теміртауда су тасқынына қарсы бірқатар шара қабылданды

Су тасқынынан қауіпсіз өту үшін алдын ала дайындық жұмыстары қажет, деп хабарлайды  kazgazeta.kz  облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Теміртау қаласында және Ақтау кентінде былтырғы маусымнан алынған тәжірибеге сүйене отырып, инженерлік жұмыстардың жоспары әзірленді. Оған енген 13 шараның басым бөлігі орындалды.

Көктемгі су тасқынынан өткеннен кейін төтенше жағдайға қарсы қандай іс-шаралар әлі де қажет екендігіне талдау жасалды. Қауіпті учаскелерде жұмыс жазда және күзде жүргізілді. Су өткізу жүйесін жақсартуға баса назар аударылды. Бұл су басу қаупінің алдын алуға мүмкіндік береді, – дейді Теміртау қаласы ТЖБ бастығы Нұрмұхамед Интуев.

Мысалы, Артас және Жаңаауыл станцияларына қосымша су өткізу құбырлары орнатылды.

125 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз