- Айна
- 12 Қараша, 2024
Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан бұзылып жатыр
Алматының тау бөктерінде ірі заңсыз нысан бұзылып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Қорғаушы-Защитник» бау-бақша серіктестігінде рұқсат құжаттарынсыз салынған үш қабатты ғимарат қала билігінің талабы бойынша бұзыла бастады.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, нысан жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаусыз, сондай-ақ жұмыстың басталғаны туралы хабарламасыз салынған.
Нысан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлескен жұмыс барысында анықталды.
Меншік иесіне заңсыз құрылысты бұзуға және жер телімін бастапқы қалпына келтіруге нұсқама берілді. Иесі өз еркімен бұзуға кірісті.
Былтырдан бастап қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда құрылысқа бақылау күшейтілді. Қазірдің өзінде 52 заңсыз нысан, соның ішінде «Мечта», KHAN, «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері бұзылды.
350 рет
көрсетілді0
пікір