- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Қараша, 2024
Мұнайлыда 23 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды
"AMANAT" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы "Жер аманаты" комиссиясының мүшелері Дәулет ауылына барды. Ауданда игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және жайылым жерлерін айналымға қайта енгізу бойынша атқарылған жұмыстарымен танысты деп хабарлайды kazgazeta.kz otpannews.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл Мұнайлы ауданында "Жер аманаты" жобасына сәйкес 20 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылуы керек. Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытжан Орынбасаровтың айтуынша, биыл 23 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылып, белгіленген межені артық орындап отыр. Соның ішінде 6 000 га аса жер учаскесі конкурстық негізде қайта айналымға табысталды.
2023 жылы "Жайлау" ЖШС-нен қайтарылған жер биыл конкурстық негізде Нұрия Қарабалаеваға 10 жылға пайдалануға тапсырылды. Қазіргі таңда шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысып, кәсібін кеңейтіп отыр.
"2018 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысудамыз. Жыл басында кәсіпті кеңейту үшін әкімдікке өтініш бердік. Нәтижесінде игерілмей тұрған жайылым жерін берді. Қазір мал басын көбейтіп, жұмысымызды жүргізіп отырмыз", - деді тұрғын Бекзат Махамбетов.
Айта кетейік, "Жер аманаты" жобасы аясында биыл 101 265 га жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Фото: дереккөзден алынды
134 рет
көрсетілді0
пікір