- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Қараша, 2024
«Астана» велокомандасын қаржыландыруға жылына 31 млрд теңге кетеді – Мұрат Әбенов
Бүгін Мәжіліс отырысында Депутат Мұрат Әбенов туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа құрамы легионерлерден тұратын «Астана» велокомандасын қаржыландыру мәселесіне қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
Депутат 2020 жылы президент үлкен спортты квазимемлекеттік сектор есебінен қаржыландыруды қысқарту туралы тапсырма бергендігін, алайда «Астана» велокомандасын қаржыландыру шектелмегенін айтты. Сондай-ақ, Мұрат Әбенов бұл велокоманда бизнес жоба екеніне тоқтала келіп, ол шетелдегі жарыстарға қатысатынын және ешбір жеңісінде Қазақстан туын көтеріп шықпайтынына наразылық танытты.
«Барлығы шетелде тұрады. Олар Қазақстанға келмейді. Арасынан өз бауырларымыздың фамилиясын да кездестірмейсің. Сонда біз кімді қаржыландырып отырмыз? Өткенде тексеріс жүргізіліп, жемқорлыққа қатысты бұзушылықтар анықталған. «Самұрық-Қазынадан» 31 млрд теңге көлеміндегі қаражат осы командаға бөлінеді екен. Жалпы, Қазақстан спортына 35 млрд теңге қаражат бөлінеді», - деді Мұрат Әбенов.
Дегенмен, министр Ербол Мырзабосынов велокоманданы қаржыландыру үшін жыл сайын 5-6 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінетінін айтты.
«Бүгінгі күні 4 клубқа талдау жүргізіліп жатыр. Хоккей клубы секілді легионерлерді елге қайтару мәселесі қарастырылуда. Өздеріңіз білесіздер, өз балаларымыз соңғы ойындарда өте жақсы нәтиже көрсетіп жатыр», - деді министр.
598 рет
көрсетілді0
пікір







