Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 13 Қараша, 2024

Белградта Қазақстан-Серб бизнес-форумы өтті

Белградта Қазақстан-Серб бизнес-форумы өтіп, онда екі ел өкілдері бірлескен жобалар мен стратегиялық бастамалар перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

"KTZ Express" АҚ Бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары ("Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ еншілес ұйымы) Ұлықбек Оразов Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) бойындағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған компанияның негізгі бастамаларын таныстырды.
"Қазақстанның жаһандық көлік жүйесіндегі позициясын нығайту және ТХКБ-ның бойында кешенді логистикалық тізбек құруы мақсатында біз жүктерді сіңіру мен бөлудің негізгі нүктелерінде терминалдық желіні жоспарлы түрде дамытып жатырмыз", - деп атап өтті Ұ. Оразов.
ТХКБ-ның еуропалық бөлігінде терминалдық желіні құру қажеттілігіне байланысты компанияның алдағы жоспарлары Алят, Констанца және Будапешт порттарында қатысуды кеңейту болып табылады. Бұл жобаларды іске асыру жүк тасымалының транзиттік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді және бүкіл маршрут бойынша "есіктен есікке" толық логистикалық циклды қамтамасыз етеді.
Іс-шара барысында 10 айдың қорытындысы бойынша ТХКБ бойынша контейнерлік тасымалдар 46,3 мың ЖФЭ-ге (2023 жылға қарағанда 2,6 есе өсім) жеткені, оның ішінде Қытайдан 27,6 мың ЖФЭ-ге жеткені атап өтілді, бұл өткен жылғы көлемнен 26 есе көп.
Тасымалдау көлемінің бұл көрсеткіштері Шығыс пен Батыс арасындағы сенімді көлік байланысын қамтамасыз ететін маршруттың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз