- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Қараша, 2024
Еліміздегі бірыңғай уақыт белдеуінің әсері туралы зерттеу жүргізіледі
Бұл туралы Ғылым министрі Саясат Нұрбек айтты. Министрдің айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуінің адам денсаулығына әсері турасында зерттеу ұйымдастырылады. Зерттеу жүргізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым министрлігіне өтініш берген.
«Бізде осы мәселелермен айналысатын өте жақсы институттар бар. География институты, Денсаулық сақтау министрлігінің Физиология және Медицина институттары бар. Жоғары ғылыми техникалық комиссия өз отырысын өткізіп, осы тақырыпты талқылауға шығарамыз. Мақұлдаудан кейін конкурс жариялап, зерттеуді бастаймыз», – деді министр.
552 рет
көрсетілді0
пікір







