- Құмсағат
- 16 Қараша, 2024
Майк Тайсон Джейк Полдан ұпай саны бойынша жеңілді

58 жастағы аңызға айналған боксшы Майк Тайсон 27 жастағы блогер, әрі боксшы Джейк Полмен рингте кездесті.
Жекпе-жек басында Тайсон қарсыласына қысым көрсетіп, белсенділік танытты. Екінші раундта екі боксшы тең дәрежеде шайқасып, өзара соққылар алмасты.
Үшінші раундта Джейк Пол жылдамдығының арқасында басымдылыққа ие болды.
Сегіз раундқа созылған жекпе-жектің жетінші раундында Тайсон әлсіреп, ал Пол болса керісінше, өзінің дәл соққыларын жиі жасады.
Төрешілер 80-72, 79-73, 79-73 есеппен жеңісті Джейк Полға берді.
Жиырма жылға жуық үзілістен кейін алғаш рет кәсіпқой рингке шыққан Майк Тайсон мансабында 7-рет жеңілді.

1436 рет
көрсетілді0
пікір