Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 20 Қараша, 2024

29 қарашада Астанада Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді

Астанада еркін және грек-рим күресі бойынша Wrestling Stars халықаралық турнирі өтеді.

Сайыстың басты жұлдызы еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы, төрт дүркін Еуропа чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Франк Чамисо (Италия) болмақ.

Елордалық бозкілемге еркін күрестен Азия чемпиондары Данияр Қайсанов пен Санжар Досжанов шығады.

Сонымен қатар турнирге үш дүркін Азия чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков (еркін күрес), еркін күрестен Ресей чемпионы Алан Багаев, жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Исхар Кұрбаев (грек-рим күресі), грек-рим күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша, сондай-ақ U23 әлем чемпионатының алтын жүлдегерлері – еркін күрестен Начын Куулар мен Ұлықбек Жолдошбеков (Қырғызстан) қатысады.

Фото: olympic.kz

1336 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз