- Аймақ тынысы
- 20 Қараша, 2024
Жамбыл облысында заңсыз тіркелген мигранттар анықталды

Еңбек мигранттарына қатысты жағдай прокуратураның ерекше бақылауында және бұл бағытта заңнаманың сақталуына үздіксіз мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.
Көбіне мигранттарды тіркеу үшін уәкілетті орган қызметкерлері оларды жауапкершіліктен жалтартып әкетудің түрлі схемаларын ойлап табуда.
«Тараз – қауіпсіз қала» тұжырымдамасы аясында прокурорлар Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген 25 шетелдікті анықтады, олар оқу орындарына тіркелу арқылы 1 жылға заңсыз тіркеуге қойылған.
Мысалға, Өзбекстаннан келген 19 мигрантқа М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті ретінде жалған құжаттар берілген, алайда олар бұл оқу орынның білімгері болмаған. Қазіргі таңда кінәлі тұлғалар анықталуда.
Аталған факті бойынша прокурорлармен ҚР ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Басқа жағдайда, 6 шетелдік азамат қаладағы университет пен колледждерге формальді түрде қабылданып, кейіннен ұзақ сабақтан қалғаны үшін оқудан шығарылды.
Жалпы мониторингпен уәкілетті органмен әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған 180 шетел азаматы анықталды.
Осылайша еңбек мигранттарына кедергісіз келу және заңсыз уақытша тіркелуіне жағдай жасалған.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде мигранттарды заңсыз тіркеу жойылып, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда кінәлі тұлғалар анықталуда.

721 рет
көрсетілді0
пікір