- Аймақ тынысы
- 21 Қараша, 2024
Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қойылады

ҚазАвтоЖол Қарағанды облысында көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
2024 жылғы 21 қарашада сағат 15:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1505-1610 шақырымы аралығында (Новостройка ауылы - Ақсу-Аюлы ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

651 рет
көрсетілді0
пікір