- Аймақ тынысы
- 22 Қараша, 2024
Ақтөбе облысында ТЖМ қызметкерлері жараланған аққуды құтқарды
![](/media/2024/11/22/screenshot_20241122_155135_telegram.jpg)
Ақтөбе облысында ТЖМ қызметкерлері жараланған аққуды құтқарды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жараланған құсты Хромтау ауданы Абай ауылының тұрғындары көрген. Аққу бірнеше күн бойы Абай платинасында суда отырған. Оқиғаға бей-жәй қарамаған куәгерлер құтқарушылардан көмек сұрады.
Құтқарушылар оқиға орнына шықты. Бірінші кезекте олар құстың жағдайын көзбен шолу үшін бейнекамерасы бар дронды ұшырды. Аққудың қанаты жараланғандықтан ұша алмаған. ТЖМ қызметкерлері аққуды ұстап алып, оған құтқару жейдесін кигізіп, төтенше жағдай бөліміне жеткізді. Аққуды жануарларды қорғау ұйымының қызметкерлері алып кетеді.
![](/media/2020/09/13/logotip-latinitsa-qaz-gazeta.png)
841 рет
көрсетілді0
пікір