Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 25 Қараша, 2024

БҚО-да өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенген қыз құтқарылды

БҚО құтқарушылары өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттенген қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бүгін 112 пультіне 2003 жылы туған қыз Орал қ. Шаған өзенінің көпірінен секіргені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ құтқарушылары қызды өзеннен шығарып, психологиялық көмек көрсетті. Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында адам өмірі аман қалды.
Құтқарылған қыз жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз