- Аймақ тынысы
- 26 Қараша, 2024
Көкшетаудың Абай Мырзахметов атындағы университетінде жастар форумы өтті
Көкшетау қаласындағы Абай Мырзахметов атындағы университетте Ақмола облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен қылмыстың алдын алу, наркомания және алаяқтық мәселелеріне арналған жастар форумы өтті, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Форумға құқық қорғау органдарының өкілдері, жастар ұйымдары және белсенді жастар қатысты.
Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттыков мемлекеттік қауіпсіздік саясатын жүзеге асыруда жастардың рөлі маңызды екенін атап өтіп:«Ортақ күш-жігер арқылы біз болашақта қауіпсіз қоғам құра аламыз, әр жас азамат қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс».
Форум барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу туралы баяндамалар мен бейнемазмұн ұсынды.
Сонымен қатар, прокурор облысымыздың қылмыстың алдын алуда белсенді көмек көрсеткен студент-волонтерлерді алғыс хаттармен марапаттады.
Форум жастардың қылмысқа қарсы іс-шараларға қатысуын арттыру және жаңа бастамаларды талқылау алаңына айналды.
491 рет
көрсетілді0
пікір