Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қараша, 2024

Қазалы вокзалында ұсақ бұзақылық жасаған қызылордалық төрт адам ұсталды

Көлік полицейлері Қызылорда облысындағы Қазалы вокзалында ұсақ бұзақылық жасаған қызылордалық төрт адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар 26 және 27 жастағы Қызылорда облысының төрт тұрғыны болып шықты. Оқиға Қызылорда облысы Қазалы станциясының теміржол вокзалының перронында орналасқан дәмханада болған.

Тексеру барысында полицейлер ер адамдардың сыра сатып алғылары келгендігін, алайда сатудан бас тартылғаннан кейін, олар вокзал маңында орналасқан дәмхананың есігін тепкілеп, қызметкеріне қатысты балағат сөздер айтқан.

Құқық бұзушылар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен әрқайсысына 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салынды.

Тәртіп сақшылары көлік кешені нысандарының, соның ішінде теміржол вокзалдары, перрондар мен жолаушылар пойыздарының қоғамдық орын болып саналатынын еске салады.

478 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз