Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 27 Қараша, 2024

Ақтауда "basketball park" алаңы ашылды

Ақтауда теңіз жағалауындағы шағынауданда баскетбол алаңы ашылды, деп хабарлайды otpannews.kz. 

Спорт алаңы 3х3 баскетбол ойынына арналған. Жаңа орталықтың ашылуына КІА автосалоны тікелей демеушілік жасап, "kia bassketball park" шарасын өткізді. 

Жиынға автоорталықтың ТМД аумағы бойынша өкілдігінің басшылары, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қатысты. 

«Бұл - көптеген жастардың белсенді түрде спортпен айналысуға арналған орны. Бұл жерде спортпен шұғылданып, баскетбол ойнауға үлкен мүмкіндік бар. Осы алаңды заманауи үлгіде жабынды төсеп, әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын өткізуге үлкен мүмкіндік бар. Өйткені бұл алаң әлемдік стандартқа сай жасақталып салынған. Осы жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматтарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Жастардың спортпен айналысуына үлкен мүмкіндік жасалып отыр. Біздің ақмаржан қала Ақтаудың туристік әлеуеті өте зор. Өйткені Каспий теңізінің жағалауына келушілер, өзінің болашағын байланыстыратындар өте көп. Сондықтан Ақтау қаласында осындай алаңдар көп болсын деп тілейміз», - деді Әбілқайыр Байпақов. 
Шара барысында ұйымдастырушы тарап балалар арасында баскетбол ойынын өткізді. Мұндағы мақсат балаларды үлкен спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау болып отыр. 

Аталған алаң 7А шағын ауданда орналасқан. Мұнда 3х3 форматындағы баскетбол ойынын өткізуге мол мүмкіндік қарастырылған.

582 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз