- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 28 Қараша, 2024
Кентау экологиялық апат аймағы ретінде танылды: тұрғындар жалақысы өседі
Кентау қаласы экологиялық апат аймағы деп танылып, тұрғындар жалақысына 20% үстемеақы қосылатын болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.
«Шардара, Арыс, Отырар, Сауран аудандарының және Түркістан қаласының бір бөлігі — бәрі де Арал маңындағы дағдарыс алдындағы аймаққа жатады. Сондықтан олар экологиялық аймаққа енеді. Сауран ауданы Кентау қаласымен шектеседі, оның жартысы Кентау қаласының аумағында орналасқан және экологиялық апат аймағына енбейді. Осыған байланысты тұрғындар «Кентауды Арал маңының дағдарыс алдындағы аймағына қосу туралы» нормативтік құжат қабылдау мәселесін көтерді»,- деді Д. Сатыбалды.
Денсаулық сақтау және Экология министрліктері тиісті зерттеулер жүргізіп, экологияның Кентау тұрғындарына да әсер ететінін анықтаған. Облыс әкімі бұл мақсатқа қосымша 6 млрд теңге қажет екенін атап өтті.
Фото: yujanka.kz
1232 рет
көрсетілді0
пікір