Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 29 Қараша, 2024

Жамбыл облысында жаңа зауыттың іргетасы қаланды

«Самұрық-Қазына» мен қытайлық SANY Renewable Energy компаниясының басшылары жел генераторларының құрамдастарын шығаратын зауыттың іргетасын қалады, деп хабарлайды kazgazeta.kz «Самұрық-Қазына» Қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында жел электр станцияларына арналған гондолалар, күпшектер, мұнаралар және басқа да негізгі құрамдастар шығаратын зауыт салу жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 114 млн доллар. Жоспар бойынша зауыт 2025 жылдың соңында іске қосылуы тиіс.

«Біріншіден, 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Екіншіден, тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстанның даму институттарынан қосымша қарыз алынбайды. Үшіншіден, жергілікті өндіріс деңгейі артып, кемінде 30% болады. Ол үшін SANY RE қосымша R&D зерттеу орталығын ашуды жоспарлап отыр», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Жоба Қазақстанда салынатын жел электр станцияларын қажетті бөлшектермен қамтамасыз етеді.

Жалпы, электр энергиясына деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін «Самұрық-Қазына» серіктестерімен бірге 2030 жылға дейін шамамен 6 ГВт жаңартылатын энергия көздерін іске қосуды жоспарлап отыр.
 

451 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз