Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қараша, 2024

Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Көкшетау қаласы прокуратурасының принципиалды ұстанымы нәтижесінде асылып, өмірімен қоштасқан жас қыздың өліміне қатысты бұрын қалалық полиция тоқтатып тастаған қылмыстық іс қайта жалғасты, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаментінің тәжірибелі қызметкеріне тапсырылды, ол іс-әрекеттерді үйлестіру және қалалық прокуратураның қадағалауымен болған оқиғалардың шынайы мән-жайын және өз-өзіне қол жұмсау себебін қалпына келтірді. 

Тергеу нәтижесінде Красный Яр ауылының тұрғыны жүйелі қорлау, ұрып-соғу және басқа да зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы 7 жыл бойы азаматтық некедегі әйеліне физикалық және психикалық азап әкелгені анықталды, бұл – оның өз-өзіне қол жұмсауына әкелді.

Күдіктінің әрекеттері ҚК-тің 105-б. 2-б. 1-т. (өзі-өзі өлтіруге дейін жеткізу) 110-б. 2-б. 1-т. (жүйелі қинау) сәйкес сараланды.

ҚК 105-б. 2-б. санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны, ҚК 110-б. 2-б. санкциясымен төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

14.10.2024 жылы күдіктіге қатысты қылмыстық іс Көкшетау қалалық сотына жіберілді.

1168 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз