- Аймақ тынысы
- 29 Қараша, 2024
Ақтөбеде Қазақстандағы жылқы шаруашылығын дамытуға арналған конференция өтті
Ақтөбеде Қазақстандағы жылқы шаруашылығын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жылқы шаруашылығы институтын құру туралы тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылды.
Шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин, Мәжіліс депутаттары, еліміздің жетекші ғалымдары мен мамандары қатысты.
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин жылқы шаруашылығы еліміз үшін дәстүрлі әрі ұлттық мал шаруашылығы саласының бірі екенін атап өтті. Табиғат жағдайлар, кең байтақ дала мен ата-баба тәжірибесі, сондай-ақ заманауи ғылыми әзірлемелер жылқы шаруашылығын одан әрі дамытуға қолайлы жағдай туғызары анық.
Бүгінде еліміздегі жылқының жалпы саны — 4,1 млн, бұл саланы дамытуға мүмкіндік те көп. Бұл ретте асыл тұқымды жылқы саны 46 мың бас немесе жалпы жалқы санының бір пайызынан астамын ғана құрайды.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, асылтұқымды жылқыларды іріктеу мен өсіруге баса назар аударып, сол арқылы асылтұқымды мал басының үлесін арттыру қажет. Жалпы, соңғы бес жылда саланы субсидиялауға 4,9 млрд теңге бөлінген. Биыл салт атты және шабандоз жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және көбейту туралы арнайы заң қабылданды. Үкімет заңды орындауға кірісіп те кетті. Осылайша, қазіргі мемлекеттік қолдау ережелеріне Қостанай жылқы тұқымының популяциясын жаңғырту және қалпына келтірудің жаңа бағыттары енгізілді. Оларды жүзеге асыру бұл тұқымның санын 3-4 есеге арттыруға мүмкіндік береді», - деді Аманғали Бердалин.
Фото: t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi
394 рет
көрсетілді0
пікір