Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 29 Қараша, 2024

«5:32» сериалының продюсеріне қатысты сот үкімі шықты

Алматы қаласында адам өліміне әкеп соққан жол апатына кінәлі деп танылған  «5:32» сериалының продюсері Анель Сартаеваға қатысты сот үкімі шықты.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 28 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот Анель Сартаеваны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді және 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Судья сотталушының кішкентай нәрестесі бар екенін ескеріп, баласы 3 жас 9 айға толғанға дейін жазасын өтеу мерзімін үш жылға шегерді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

1242 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз