Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 29 Қараша, 2024

Ұялы байланыс абоненттерінің саны артты

2024 жылғы 1 қарашаға Қазақстанда 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% көп, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Абоненттердің жалпы санының 18,7 млн интернетке қосылған, бір жылдағы өсім 4,8%.
Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға  шаққанда 129 бірлікті құрады, оның ішінде 93 абонент интернет желісіне қосылған.
2024 жылғы қаңтар-қазан аралығында ұялы байланыс саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 191,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% төмен.
10 ай ішіндегі жалпы байланыс саласындағы қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгеге жетті, оның ішінде 52,5%  интернет қызметтеріне тиесілі.

246 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз