Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 29 Қараша, 2024

Жамбыл облысында қоғамдық орынды ластаған 4 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтап, құқық бұзушыларды жауапкершілікке тарту шараларын жалғастыруда. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап kazgazeta.kz хабарлайды. 

Бұл шаралар қоршаған ортаны абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алуға, қоғамдық орындарды ластауды болдырмауға және тұрмыстық, құрылыс қоқыстарын арнайы белгіленген орындардан тыс тастаудың жолын кесуге бағытталған.

Сонымен қатар осындай құқық бұзушылықтар туралы азаматтардан полицияға түсетін өтініштер саны артқан.

Бейнебақылау камераларының жазбаларын мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері қоқысты белгіленбеген жерлерде қалдырып кеткен және оны автокөліктердің терезелерінен лақтырған тұрғындарды анықтады.

Полиция қызметкерлері 4362 жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Азаматтар өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықтардың салдарын жойды.

Фото: Polisia.kz

452 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз