Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 30 Қараша, 2024

«Сергек» АБК Алматыда ЖКО санын 17%-ға азайтты

Алматыда «Сергек» жүйесінің үш жылдық жұмысы барысында айтарлықтай өзгерістер болды: жол апаттарынан болатын өлім-жітім 40%-ға азайса, ЖКО 17%-ға, ал апаттан жарақат алғандар саны 30%-ға азайды, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Бүгінде шаһарда 1641 «Сергек» АБК жұмыс істейді, бұл 9152 бейнебақылау камерасы деген сөз. Олар тәулік бойы қала көшелеріндегі тәртіпті қадағалап, қоғамдық және жол қауіпсіздігін бақылайды, сондай-ақ құқық қорғау органдарына оқиғаларға жедел әрекет етуге көмектеседі.
Сонымен қатар, жобаның іске қосылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін қаланың бюджетіне 44,08 миллиард теңге түсті. Биылғы жылдың 9 айында Алматыда «Сергек» АБК арқылы 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 18,6 миллиард теңгеден астам қаражат өндірілді.
«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені — интеллектуалды бейнебақылау жүйесі.

318 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз