- Безбен
- 02 Желтоқсан, 2024
Мәжіліс төрағасы Мәскеу қалалық думасының басшысын қабылдады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Мәскеу қалалық думасының төрағасы Алексей Шапошниковпен жергілікті өкілді органдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Мәжіліс спикері Мәскеу қалалық думасының делегациясымен кездесуде екі ел арасында барлық деңгейде өзара тығыз байланыс орнағанын атап өтті.
Ерлан Қошанов Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жақында жасаған мемлекеттік сапарының тарихи маңыздылығына назар аударып, Қазақстан мен Ресей басшыларының тату көршілік қатынастарды нығайтудағы ерекше рөліне жеке тоқталды.
Сапар қорытындысы бойынша жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды. Онда парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары қарқыны атап өтілген.
Алексей Шапошников қонақжайлық үшін алғысын білдіріп, Астана мәслихаты мен Мәскеу қалалық думасы арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуды ұсынды. Тараптар сондай-ақ мәдени, білім беру және экономика салалардағы ынтымақтастық жөніндегі бірқатар мәселені талқылады.
Фото: t.me/mazhilis_kz
555 рет
көрсетілді0
пікір







