- Аймақ тынысы
- 03 Желтоқсан, 2024
Ақтөбе облысында 87 жұмысшыға 8,5 млн теңгеден астам жалақы төленбеген
Ақтөбе облысы Темір ауданы прокуратурасымен «Шұбарқұдық жылу» КМК-да 87 жұмысшыларға 8,5 млн теңгеден астам жалақы төленбегенін анықтады, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Прокуратураның қадағалау актісімен еңбек инспекциясы «Шұбарқұдық жылу» КМК-ын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, берешекті міндетті түрде өтеу туралы ұйғарым шығарды.
Нәтижесінде көрсетілген берешектер толығымен өтелді.
Азаматтардың конституциялық және еңбек құқықтарын қорғау, Ақтөбе облысы прокуратурасының бақылауында.
638 рет
көрсетілді0
пікір