Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 04 Желтоқсан, 2024

Алматыда «Инватакси» автопаркі ұлғайтылады

2025 жылы қала «Инватакси» қызметін едәуір кеңейтіп, автопаркті 130 көлікке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл 2,7 мыңнан астам мүгедек азаматты көлік қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, қала  әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін азаматтардың сегіз санаты үшін «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы бойынша өтемақы төлеу жалғасады.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылатын болады. Неміс тәжірибесіне негізделген «Jobcoach» жаңа жобасы болашақта 300-ге дейін алматылықтарға жұмыс табуға және жаңа орынға бейімделуге көмектеседі.
Алматыда кедергісіз орта құру үшін 32,5 мың нысанды паспорттау және 1,5 мың инфрақұрылымдық нүктені бейімдеу көзделген.

332 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз