- Айна
- 05 Желтоқсан, 2024
Алматыда тағы екі инновациялық шығармашылық орталық салынады
Алматыда инновациялық шығармашылық орталықтарының құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. Биыл ашылған төрт орталыққа қосымша тағы екі орталық салынбақ, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
2025–2027 жылдарға арналған бюджет жобасына енгізілген бұл құрылыс жоспары қала мәслихатының алдағы сессиясында қаралады. Жаңа орталықтар Бостандық ауданындағы Вахтангов көшесінде және Алатау ауданының «Саялы» шағын ауданында пайда болады.
Бұл инновациялық шығармашылық және инклюзивті білім беру орталықтары қала жастарының әлеуетін дамытуға ықпал етеді. Соның нәтижесінде алматылық оқушылар республикалық олимпиадаларда 64 алтын, ал халықаралық жарыстарда 20 алтын медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар, келесі жылы Алғабас шағын ауданында инновациялық техникалық колледждің құрылысы жалғасады. Сондай-ақ, №2 гуманитарлық-педагогикалық колледжге және телекоммуникация мен машина жасау колледжіне жатақханасы бар қосымша ғимараттардың құрылысы қолға алынады.
295 рет
көрсетілді0
пікір