Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 05 Желтоқсан, 2024

Демалыс аймағындағы өрт сөндірілді

Кезекті шақырудан оралып бара жатқан өрт сөндірушілер Алматы облысы Талғар ауданы Ақбұлақ ауылының шетінде орналасқан демалыс аймақтарының бірінің аумағынан шығып жатқан түтінді байқады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Өрт есептобының аға қызметкері барлау жүргізу қажет деп шешім қабылдады. Келген кезде өрт сөндірушілер ағаш үй мен аспаның өрттеніп жатқанын анықтады.
Өрт сөндірушілер отты жалпы ауданы 52 ш.м. алаңда тоқтатып, демалыс аймағының басқа нысандарын аман алып қалды.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

833 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз