Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 05 Желтоқсан, 2024

Алматыда 17 мың ағаш отырғызылмақ

Алматыда 17 мың ағаш отырғызылмақшы, дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматыда 2025 жылы үш деңгейлі көгалдандыруды қамтитын ауқымды бағдарлама басталады:
Бірінші деңгей — газондар мен гүлзарлар
Екінші деңгей — бұталар мен сәндік өсімдіктер
Үшінші деңгей — ірі ағаштар
Бұл бағдарлама 2025–2027 жылдарға арналған бюджет жобасына енгізіліп, Алматы Мәслихаты сессиясында қаралады.
Барлығы биіктігі 4 метрден асатын 15 мың ағаш, ал биіктігі 6 метрден асатын 2 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Көгалдандыру жұмыстары магистральды көшелерде, саябақтарда, скверлерде, бульварларда және басқа да қоғамдық орындарда жүргізіледі. Әсіресе, бұл халық тығыз орналасқан аудандарда көлеңке мен жасыл аймақтар құруға мүмкіндік береді.
Отырғызылған өсімдіктердің өміршеңдігін арттыру үшін алғашқы екі жылда жүйелі күтім ұйымдастырылады. Атап айтқанда бұл тамшылатып суару, автоматты суару жүйелері мен минералды тыңайтқыштарды пайдалану.

273 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз