- Аймақ тынысы
- 10 Желтоқсан, 2024
Абай облысында шахтадан алтын ұрлаған топ ұсталды
Абай облысында заңсыз алтын өндірумен айналысқан топ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп, төрт ер адамды ұстады. Олардың жанынан металл іздегіштер, респираторлар, кен тасуға арналған қаптар және шамамен құрамында 3 келі алтыны бар кен табылып, тәркіленді. Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты. Аса ірі көлемдегі ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
312 рет
көрсетілді0
пікір