Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 11 Желтоқсан, 2024

Қызылордада креативті туындылардың көрме-жәрмеңкесі өтті

Қызылордада С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында кәсіби және әуесқой қолөнер шеберлерінің «Ұлттық өнердің түнгі сыры» атты көрме-жәрмеңкесі өтіп, креативті туындыларын көпшілік назарына ұсынды.

Ағаштан жасалған ерекше бұйымдар, кестелеп тігілген ұлттық киімдер, этносөмкелер мен киіз-кілемдер көрменің сәніне айналды. Іс-шарада 100-ден аса туынды сатылымға шығарылды.

Бұдан бөлек, домбыра жасау, құрақ құрау бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, мамандарға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Сондай-ақ, киізден пано жасау үлгісі, кілем тоқу техникасы, қыш өнерінің құпиясы секілді пайдалы дәрістер ұйымдастырылды.

Іс-шара мәдени мұраны насихаттауға, креаторларды өз өнімдерінен табыс табуды қолдауға бағытталған.

290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз