Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Біздің сұхбат
  • 12 Желтоқсан, 2024

Моңғолияның «Піл» атағын алған Серік Бердімұрат

Серік Бердімұрат – Моңғолияда тұратын қазақ. Балуан. Күрестің к рермендері Серіктің атына қанық деген ойдамыз. Себебі ол елге де келіп нер к рсеткен. 2013 жылы қазақ күресінен «Еуразия барысының» күміс жүлдегері атанды. Басқа да жүлдесі жетерлік. Ал 2022 жылы ол Моңғолияның «Піл» атағын иеленді. Ол – Серіктің мансабындағы ірі жеңіс. «Піл» қандай атақ? Жуырда Серікпен жолығып, әңгімелесудің сәті түсті. Кейбір сұрақтардың жауабын жолдасы Барбол Кашуұлы ашып айтып берді.

– Күрестің 4 түрінен чемпион болдыңыз. Дзюдодан осы елдің үздігі болдыңыз. Бірақ олимпиадаға жолыңыз түспеді. Соның қандай да бір себебі бар ма?

– 2008 жылы Ұлан-Батырда дзюдомен айналыстым. 2013 жылы Моңғолияның үздігі атандым. Бейжің олимпиадасында Тувшинбаяр Найдангийн чемпион болды да, ол 2012 жылы да олимпиадаға қатысып, күміс жүлдегер болды. Яғни, екеуміз бір салмақта болдық та, оның алдына түсе алмадым. Дегенмен екеуміз сол кезде бірге дайындалып жүрдік.

– Қазақстанға жиі келіп, боз кілемге шығып жүрдіңіз. «Еуразия барысы» атандыңыз. Елден шақырту, елдің атынан әлемдік бәсекеде сынға түсу секілді ұсыныстар болды ма?

Серік: 2017 жылы Қазақстаннан ұсыныс түсті.

– «Піл» атағы қандай балуанға беріледі?

Барбол: Мен толығырақ айтып берейін. Бұл аймақтағы қазақтар әуелден күреске қатысады. 1946 жылы Әбдіғажы деген атамыз осы елдің «Піл» деген атағын алған. Қожағапан, Нұрқадыл деген кісілер «Лашын» деген атақ алған. Бақыт деген ағамыз 1981 жылы «Қаршыға» деген атақ алған. Бұдан соң бұл күрес түрінен қазақтардың есімі шықпай қалады. Күреске қатысушы қазақтар «аймақ арыстаны» атанады, алайда мемлекеттік дәрежеге шыға алмайды. 35 жылдан кейін Серік Моңғолияның «Лашын» деген атағына ие болды. Моңғолияда жылына бір рет, 12 шілде күні «Үкімет тойы» деген мереке болады. Серік сол мерекеде күресіп, Моңғолия қазақтарынан үзіліп қалған мемлекеттік атақшенге ие болды. 2017 жылы Қазақстаннан ұсыныс түсті. Ол жай ұсыныс емес, алдағы Рио олимпиадасына Қазақстан атынан шықсаң деді. Серік «Қазақстан атынан баруға қарсы емеспін, алайда Моңғолиядағы бәйгеде қазақ атын шығарып, дәстүрді жалғауым керек» деді. Серікке жалғыз Қазақстан ғана емес, Жапония, Түркия мемлекеттерінен ұсыныс түсті. Бұл оның бәрінен бас тартты.

Ал енді «Піл» атағы қандай балуанға беріледі? Үкімет тойында 1024 немесе 552 балуан күреседі. Содан бес балуанды жықса, мемлекеттік «Лашын» деген атаққа ие болады. 6 балуанды жеңсе, «Қаршыға» атағын алады. Ал 7 балуанды шықса, «Піл» атағын алады. 9 балуанды жықса, «Арыстан», 10 балуанды жықса, чемпион атағына ие болады. Серік бір күнде 7 балуанды жығып отыр. Әбдіғажы атамыз 1946 жылы «Піл» атағын алды дедік қой. Ол кезде Баян-Өлгийден Ұлан-Батыр қаласына барып күресу өте қиын болған. Атамыз ұзақ жолдан барып күрескен де, алты балуанды жыққан. Содан оны алыстан келіп күресті де құрметтеп, «Піл» атағын берген. Ал Моңғолияда бір күнде жеті балуанды жеңген жалғыз қазақ – Серік Бердімұрат. Моңғолия қазақтарының ішінде ең үлкен атаққа жеткен де, әзірге Серік балуанымыз.

– Күресті қай жаста бастадыңыз?

Серік: 13 жаста бастадым. Бұл жас – күресті бастауға кеш емес.

– «Піл» атағының иегерін моңғолиялықтар қалай бағалайды?

Барбол: Мемлекеттік дәреже болған соң моғолдар ол атақ иегерін қатты құрметтейді. Әсіресе қай аймақтан шықса, сол аймақ өз балуанын айрықша қадірлейді. Мысалы, Серікті Баян Өлгий өңірі төбесіне көтереді.

– Қазақстанға келіп жүрсіз. Салыстырмалы түрде моңғол мен қазақ балуандарының нерін қалай бағалайсыз?

Серік: Қазақстанда алғаш рет 2013 жылы күрестім. Айбек, Бейбіт, Мұхит ағалармен белдестім. Өзім қатарлы балуандар да бар. Бәрі де мықты. Алыста болсам, күрестерін әлеуметтік желілерден көріп тұрам. Елге барсам, ағаларым да, замандастарым да құрақ ұшып тұрады. Бәрін де құрметтеймін. Қазақ балуандарынан үйренеріміз көп.

– Қазір күресті қойып жүрген сияқтысыз. Алдағы жоспар қандай?

Серік: Чемпион атағына жетсем деймін. Үнемі дайындықтамын.

Әңгімелескен Асылан БІРЖАНҰЛЫ

«Ұлан» газеті, №50
10 желтоқсан 2024 жыл

1680 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз