Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Желтоқсан, 2024

Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін түзетулерді мақұлдады.

«Келешек» жүйесі шеңберінде:

ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (221 520 теңге);

жетім балалар үшін 120 АЕК (443 040 теңге) мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын белгілеу;

жыл сайын 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйақы төлеу көзделген.

«Келешек» шоттарын екінші деңгейдегі банктерде және балаларға арналған МБЖЖ қатысушылары болып табылатын сақтандыру компанияларында ашуға болады.

Осыған байланысты, ата-аналар осы шоттарды ашқаннан кейін жыл сайын ХӘОТ балалары үшін 12 АЕК және басқа балалар үшін 24 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна төлеуі тиіс.

Мектепті аяқтағаннан кейін жинақталған қаражатты:

колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға пайдалануға болады.

Грант алған жағдайда:

басқа білім алу қажеттіліктеріне аударуға;

жинақтауды жалғастыруға;

үшінші тұлғаға аударуға;

 тұрғын үй алуға пайдалануға;

 білім туралы құжат ұсынылған жағдайда жинақталған қаражатты алуға болады.

445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз