Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Желтоқсан, 2024

«Алматы жастарына» қатысуға өтінімдерді қосымша іріктеу өтеді

Алматы әкімдігі «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді іріктеудің қосымша кезеңі туралы хабарлайды.

Өтінімін түзету мүмкіндігі 2024 жылы 29 шілде мен 7 тамыз аралығында өтінім берген, бірақ қателік немесе құжаттың толық болмауына байланысты мақұлданбаған азаматтарға беріледі.

Өтініміңізді түзетуге рұқсат берілгенін тексеру үшін бағдарлама сайтының басты бетіндегі «Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі» бөлімінен қарауға болады. Түзетулерді 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығында almaty-zhastary2024.kz сайтында енгізу қажет.

173 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз