Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Желтоқсан, 2024

Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады

Алматыда 13 желтоқсаннан бастап «Нұршашқан» шағын ауданынан – Алматы-2 теміржол вокзалына» қатынайтын №91 автобус бағыты ашылады. Бағытты «Алматыэлектротранс» компаниясы 12 «Golden Dragon» газбен жүретін автобустарымен қамтамасыз етеді. Автобустардың қозғалыс аралығы шамамен 12 минут, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұл бағыт сынақтық режимде жұмыс істейді және байқау өткізілгенге дейін жалғасады. Жолаушылар легі мен тұрғындардың қажеттіліктеріне сәйкес қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қалаға 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алынды. Сондай-ақ, көлік қолжетімділігін жақсарту үшін 18 қала маңындағы және 3 қала ішіндегі маршрут ұйымдастырылды.

175 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз