- Аймақ тынысы
- 13 Желтоқсан, 2024
Полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атамекен ауылының маңында патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары Асет Темірғалы мен Алдияр Сағадатов жол бойында жатқан әйелді көрді. Олар дереу көмекке жүгіріп, әйелде инсульт белгілері бар екенін байқады. Оның тілі күрмеліп, қозғалысы қиындап жатқан.
Полицейлер тез арада жедел жәрдем шақырып, медицина қызметкерлері келгенге дейін әйелдің жанында болды. Дәрігерлер диагнозды растады және полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында науқастың өмірін алып қалғандықтарын жеткізді.
Дәрігерлер алғыс білдіріп, мұндай жағдайда әр секундтың адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаратынын айтты.
255 рет
көрсетілді0
пікір