- Шартарап
- 13 Желтоқсан, 2024
Қазақстан ЭСКАТО статистика комитеті бюросының құрамына кірді
7-14 Желтоқсанда Бангкокта БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) ұйымдастырған жыл сайынғы Азия-Тынық мұхиты статистикасы апталығы өтті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Іс-шараға еліміз атынан Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов қатысты.
Сапар барысында Олжас Төлеуов Ұлттық статистикалық қызмет басшыларына арналған семинарға қатысты, оның негізгі мақсаты икемді статистикалық жүйелерді құру мәселелері бойынша бас статистиктер арасында тәжірибе алмасу.
Спикерлер қарқынды өзгерістер мен технологиялық прогресс дәуірінде, сондай-ақ егжей-тегжейлі деректерге сұраныстың артуы кезінде ұлттық статистика органдары өздерінің институционалдық және техникалық әлеуетін нығайтып, дәстүрлі әдістер мен тәжірибелерден асып түсуі керек деген пікірге келді.
Айта кету керек, Қазақстан ЭСКАТО Статистика комитеті бюросының құрамына кірді және Олжас Төлеуов онда төрағаның орынбасары болып сайланды.
Енді таяудағы екі жылда Қазақстан статистика комитетінің жұмысына белсенді қатысып, халықаралық статистикалық стандарттар бойынша өңірлік ұстанымды қалыптастырып, статистика саласында оқыту және техникалық қолдау бойынша ұсынымдар ұсынып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жәрдемдеседі.
834 рет
көрсетілді0
пікір