Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 13 Желтоқсан, 2024

Ақтөбе облысының әкімі 2025 жылға арналған негізгі жоспарларға тоқталды

Ақтөбе облысының әкімі 2025 жылға арналған негізгі жоспарларға тоқталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Келер жылы өңірдің экономикалық өсімі кемінде 103% деңгейінде қалыптастыру үшін өнеркәсіп бойынша 2 трлн теңгенің өнімі өндіріледі. Сондай-ақ, облысқа 1 трлн теңгеге жуық инвестиция тартуға негіз бар», - деді Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

Оның айтуынша, нормативтік жағдайдағы автожолдардың үлесі 80%-ға жеткізіледі. Инженерлік инфрақұрылым бойынша келесі жылы 5 мыңнан астам халқы бар 11 ауылға ауыз су жүргізіп, таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі толықтай шешілмек.
«Сондай-ақ 9,8 мың халқы бар 24 ауылды газдандыру арқылы газбен қамту деңгейін 96,8%-ға дейін жеткіземіз. Бұдан басқа, 2025 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 975 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарда бар», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына сәйкес 11 нысан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, 7 денсаулық сақтау нысанның құрылысы жүргізіледі.
Білім нысандары бойынша 3 үш ауысымды, 2 апатты мектептер мәселесін шешу мақсатында 16,4 мың оқушыға арналған 27 жаңа мектеп салынады және бір 300 орындық балабақшаның құрылысы басталады.


Фото:  t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

279 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз